Бас санитарлық дәрігер: Қазақстан бірнеше елмен әуе қатынасын уақытша тоқтатады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бас санитарлық дәрігер: Қазақстан бірнеше елмен әуе қатынасын уақытша тоқтатады
ашық дереккөз

Бірқатар елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустық инфекцияның Қазақстанға өзге мемлекеттерден таралу жағдайының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі кейбір елдерге рейстерді қысқартуды ұсынып отыр. «Әуе қатынасын уақытша тоқтату туралы жоспар бар және олар жақын арада іске асырылатын болады. Біз бірнеше бағыт бойынша, яғни Украина, Германия, Беларусь, сондай-ақ БАӘ елдеріне әуе рейстерін тоқтатуды жоспарлап отырмыз. Араб Әмірліктеріне ұшу рейстері қысқарады. Бұдан басқа, біз бұған дейін Түркиямен рейстердің қысқарғаны туралы айтқан болатынбыз», - деп мәлімдеді Ерлан Қиясов. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінде аурудың өсуі Еуропа мен көрші елдерде байқалатынын айтқан болатын.