Алексей Цой: Коронавирус инфекциясын қайта жұқтыруы мүмкін деген қауіп бар
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алексей Цой: Коронавирус инфекциясын қайта жұқтыруы мүмкін деген қауіп бар](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211531767882154.webp)
ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, асимптоматикалық ауруға шалдыққандарда шамамен бір айға жуық антиденелері бар, ал орташа немесе ауыр дәрежесі бар адамдарда антидене үш айдан бес айға дейін созылады.«Қазақстанда коронавирустық инфекцияның шыңы 2020 жылдың маусым-шілде айларына түссе, біз талдау жасап, бес айдан кейін бұл қараша-желтоқсан айларына түседі деп болжап отырмыз. Қазір іс жүзінде, тіпті орташа немесе ауыр науқастармен ауыратындардың өзінде антиденелер азайып жатыр», - дейді Цой.Сөз арасында коронавирустық инфекцияның пайда болу қаупі жоғары екенін айрықша атап өтті.«Бүгінде әлемде коронавирус инфекциясын қайта жұқтырған жағдайлар бар. Мұндай жағдай Қазақстанда тіркелген жоқ. Бірақ қайта жұқтыру оқиғасы тіркелуі мүмкін деген қауіп бар», - деді министр брифинг барысында.
Ұқсас жаңалықтар
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
Бүгін, 19:00
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
Бүгін, 14:49
Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
Бүгін, 13:22
Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)
Бүгін, 11:35
«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды