ДДСҰ қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық зерттеуге жіберді – Цой

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДДСҰ қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық зерттеуге жіберді – Цой
ашық дереккөз

«Денсаулық сақтау министрлігі мынадай вакциналар сатып алу жұмысымен айналысып жатыр: ресейлік «Спутник 5», «Оксфордтық», «АстраZeneca», қазақстандық вакцина, т.б.», - дейді министр.

Ведомство басшысы сөз арасында отандық өнім клиникалық зерттеуге жіберілгенін қозғап өтті. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық зерттеуге рұқсат берді. 17 қыркүйек күні Пульмонология ұлттық ғылыми орталығы базасында клиникалық зерттеудің бірінші фазасына рұқсат берілді. Ал 17 қараша күні зерттеудің екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Ал үшінші кезеңі 2021 жылғы сәуір айының соңына дейін созылады», - дейді Алексей Цой.