Елорда әкімі «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерін мерейтойларымен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әкімі «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерін мерейтойларымен құттықтады
ашық дереккөз

«Құрметті «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің ұжымы! Қаланың жылнамасын жазып келе жатқан «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» ұжымдарын газеттің жарық көргеніне 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!Тұрғындарға қаланың тыныс-тіршілігін баяндап қана қоймай, ел руханияты­ның маңызды мәселелерін көтеріп, мемлекетіміздің мәдени-рухани тұрғыда дамуына үлес қосып келе жатқан газеттің өркендей беруіне тілектеспін!Еңбектеріңізге табыс тілей отырып, елордамыздың қоғамдық өмірін одан әрі ілгерілету жолындағы жұмыстарыңызға алғысымды айтамын», — деді Алтай Көлгінов.