Елордаға ұшып келген 104 авиажолаушы стационарлық карантинге жіберіліп, 1 адам еліне қайтарылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордаға ұшып келген 104 авиажолаушы стационарлық карантинге жіберіліп, 1 адам еліне қайтарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115340121101017.webp)
«Бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 4 ұшақ қонды, рейстерді Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai жүзеге асырды. Барлығы 514 адам ұшып келді. 104 жолаушыда ПТР-тест жоқ, олар стационарлық карантинге жіберілді. ПТР сынақтарын тапсырғаннан кейін үйіне жіберіледі, оң нәтиже болған жағдайда олар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады. Канаданың бір азаматы жер аударылды», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік қызметтермен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі мынадай іс-шаралар кешенін іске асыруда:
• Жолаушылар міндетті түрде термометриядан өтеді. Ол үшін тепловизорлы смарт-камералар қолданылады.
• Жолаушылар терминалында СКП бригадалары тәулік бойы кезекшілік етеді (санитарлық-карантиндік пункт).
• Ішкі және халықаралық рейстердің келу және кету аймақтарында жолаушылар үшін қолды дезинфекциялауға арналған пункттер (санитайзерлер) ұйымдастырылған.
• Жолаушыларды тіркеу аймақтарында, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының барлық аумағында 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін еден үсті визуализациясы ұйымдастырылды.
• Арнайы дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, әуежай үй-жайларын санитариялық өңдеу жиілігі ұлғайтылды. Вирусқа қарсы белсенділігі бар антисептикалық қосылыстар қолданылады.
• Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына келетін барлық әуе кемелері дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсетуге тартылған техниканы дезинфекциялау тұрақты негізде жүргізіледі.
• Әуежай қызметкерлеріне жаңа үлгідегі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы нұсқаулық өткізілді.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)