Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бастамалары айтылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бастамалары айтылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211532766764245.webp)
Семинарға қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің басшылары мен қызметкерлері қатысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңындағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады. Сонымен қатар, Парламент және мәслихат депутаттарына, судьяларға, саяси қызметшілерге, "А" корпусының мемлекеттік қызметшілеріне, квазимемлекеттік сектор басқарушылары мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, егер бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікті тек квазимемлекеттік сектордың бірінші басшылары ғана болса, енді жауапкершілікті мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға, сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын қызметкерлерге де жүктеледі. Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылық стандарттарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға жауап беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет институты енгізілді. "Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында туыстық байланыстардың болуына шектеу енгізілді", – деп атап өтті Жазира Жылқышиева. Осылайша, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғаларға жақын туыстарының, жұбайының немесе жекжаттарының тікелей бағынысында болуға, сондай-ақ аталған туыстық қарым-қатынастың өзара тікелей бағыныста болуына тыйым салынады. Сонымен қатар, Заңның жаңа редакциясында жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмыстарды арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Ең жоғарғы санкция – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тағы бір маңызды жаңалықтардың бірі – азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға кеңінен тарта отырып, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру болып табылады. Осыған байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі барлық тілек білдірушілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуға және сыбайлас жемқорлықты жоюға өзінің жеке кәсіби үлесін қосуға шақырады. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында конкурстық іріктеу қағидаларымен сілтемеге өту арқылы таныса аласыздар.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)