Елімізде жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211533654863035.webp)
Берілетін ақша тапсырылатын көліктердің санатына байланысты айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша бағаланады. Айталық М2, N1 (салмағы 1,3 тоннадан кем көлік құралын қоспағанда) және N2 санатындағы көлік құралдарына 144 АЕК (400 032 теңге) беріледі. Осы санаттағы толық емес жиынтықтағы көліктерге 126 АЕК (350 028 теңге) төленеді. Ауыр салмақтағы жүк көліктері (М3, N3 санаты) 600 мың теңгеден (216 АЕК) 550 мың теңгеге (198 АЕК) дейін бағаланады. Көлік тапсырғандарға 2 күн ішінде банктағы шотына ақша аударылады. Айта кету керек көлікті жеңілдік сертификатына алмастыру бағдарламасы уақытша тоқтатылады. Айта кетейік, істен шыққан көлік құралдырын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламысы іске қосылғаннан бері Қазақстан бойынша 150 мыңға жуық көлік жоюға тапсырылды. Оның ішінде 2 596 дана орташа тонналық техника, 600-ге жуық ауыр салмақтағы көлік құралдары бар. Қабылданған барлық машина Қарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)