Жыл басынан бері 400 өрт оқиғасы: Елордада қызыл жалынның шығу себептері белгілі болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жыл басынан бері 400 өрт оқиғасы: Елордада қызыл жалынның шығу себептері белгілі болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115340121612581.webp)
Еркін Отарғалымұлы сөзін жалғай отырып, өрт оқиғаларының туындау себептеріне тоқталып өтті. «Соңғы бес жылдағы талдау жұмыстарына тоқталар болсам, қаланың өсуі, тұрғындардың көбеюі секілді жайттарды назарға алсақ, өрттің жылдан жылға азаю үрдісі байқалады. Жалпы өрттердің 52 пайызы немесе 209 фактісі жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Сол сияқты 179-ы электр желілерін монтаждау немесе пайдалану кезінде туындаған. Екіншіден, жұрттың оттан абайсыз болуы (106 оқиға). Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсуі байқалады. Үшінші кезекте жылыту пештерін пайдалану кезінде туындайды», - дейді ол. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті болып саналатынын айрықша атап өтті. «2011 жылдан бастап мемлекеттік өртке қарсы қызметі жеке тұрғын үйлерді тексеру жұмысынан шеттетілді. Қазіргі уақытта бұл жұмыс тек қана үгіттеу-түсіндірме жұмысын жүргізу негізінде ғана қолға алынған», - дейді Еркін Отарғалымұлы.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)