Нұр-Сұлтанда биылға жоспарланған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің соңғысы өтіп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда биылға жоспарланған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің соңғысы өтіп жатыр
ашық дереккөз

Екі облыстың фермерлері үшін 200-ге жуық сауда орны ұйымдастырылған. Қала тұрғындары мұнда жеміс-жидектер мен көкөністерді, консервіленген және сүт өнімдерін, ет, шұжық өнімдерін, сондай-ақ балдың түр-түрін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан төмен. [caption id="attachment_41180" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Динара Киндербаева/Elorda Aqparat[/caption] Екі күннің ішінде жәрмеңкеде 1 200 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері сатылады деп күтіліп отыр. "Біз аталған жәрмеңкеге елорда әкімдігінің шақыруымен қатысамыз. Биыл 160 млн теңгеге 520 тоннадан астам өнім әкелдік. Біздің аграршылар 60 тоннадан астам ет, 50 тонна картоп, 105 тонна көкөніс әкелді. Бұл жәрмеңкеге облысымыздағы 3 қала мен 10 ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары, жалпы алғанда 100-ден астам кәсіпорын атсалысып жатыр", - деп Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысы Төлеген Қосшербаев мәлім етті. Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, жәрмеңкеге барлық 13 аудан мен Петропавл қаласының кәсіпкерлері қатысып жатыр. "Өңіріміздегі 140 ауылшаруашылық өндірушісі 100-ден астам өнім түрін әкелді, бұл жалпы 700 тонна өнім", - деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Бекшенов. [caption id="attachment_41179" align="alignnone" width="1280"] Фото авторы: Динара Киндербаева/Elorda Aqparat[/caption] Жәрмеңкені ұйымдастырушылар келушілерге қашықтықты сақтау, санитайзерлерді пайдалану және бетперде кию секілді қатаң санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау керек екенін тағы бір рет еске салады. [video width="1280" height="720" mp4="https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/10/Заключительная-сельхозярмарка-проходит-в-Нур-Султане.-10.10.2020-г..mp4"][/video]