Елордалық азамат 5 мың теңге пара беремін деп 600 мың теңге айыппұл төледі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық азамат 5 мың теңге пара беремін деп 600 мың теңге айыппұл төледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211533827798324.webp)
Ведомство қызметкері сөзін жалғай отырып, ХҚО қызметкерлеріне қарата мұндай жағдайға тап болғанда дереу орталық басшылығына хабар беруді кеңес етті. «Мұндай әрекет үнсіз қалса, жемқорлық оқиғасы ретінде тіркеліп, хабар бермегені үшін қызметкер жазаланады. Қазір жалпы республикалық «Жемқорлық бізге тән емес» акциясы өтіп жатыр. Арнайы видеолар түсіріліп, YouTube арналарына жарияланды. Онда мемлекеттік қызметтегі белгілі тұлғалар, қоғам белсенділері өз ойларын ортаға салды», - дейді ведомство өкілі. Сәуле Бисембаева сөз арасында «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасына мониторинг жүргізгенін айта отырып, сол кезде тіркелген заңсыз әрекеттерді былайша әңгімелеп берді: «Біз қоғам белсенділерімен, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментімен, Прокуратурамен бірлесіп, әрбір дәріханадағы дәрі-дәрмектердің бағаларына мониторинг жүргіздік. Кей дәрілердің бағасы шарықтап кеткеніне де куә болдық. Бір дәрінің бағасы тіпті 6 мың теңгеден асып кеткен сәттер кездесті. Мұндай заңсыз әрекетке қала тұрғындарының бірі шағымданып, 109 нөміріне хабар берген екен. Осыдан кейін біз араласып, түбіртекті көрсетіп, заңсыз әрекеттің себебін сұрағанымызда, дәріхана иесі жөнді жауап қайтармай, қуып шықты. Арада аздаған уақыт өткенде артық алынған 6 мың теңге қайтарылғаны туралы хабарлама келді», - дейді ол. Ведомство үйлестірушісі заңсыз әрекетке, жемқорлық оқиғаларға тап болғанда 1424 бірыңғай нөміріне кез келген уақытта хабар беруге болатынын айрықша атап өтті. Сонымен қатар, Ашық бюджеттердің интерактивті картасы сайтында әрбір мемлекеттік органның бюджеті қай бағытта игеріліп жатқанын көруге болатынын жеткізді.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)