Елордада карантинге байланысты қандай нысандар жабылуы мүмкін
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада карантинге байланысты қандай нысандар жабылуы мүмкін](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115340537780411.webp)
«Мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары және басқа кәсіпкерлік субъектілері мен ШОБ санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда карантинді қайта енгізуге мәжбүр боламыз», – деп хабарлады әкімдік. Мобильді топтар сауда және ойын-сауық орындарына күнделікті рейдті күшейтті. Елорда тұрғындары мен қонақтары маска тағу тәртібін қатаң сақтауы керек. Айта кетейік, 5 шілдеден бастап карантин тәртібін бұзған елорда тұрғындары мен кәсіпкерлерге жалпы сомасы 128 665 848 теңгеге 587 айыппұл салынды. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 12 809 358 теңге мөлшерінде 267 айыппұл, кәсіпкерлік субъектілеріне – 115 856 490 теңге мөлшерінде 320 айыппұл. Карантинді өрескел бұзушылар негізінен тыйым салынғанына қарамастан өз қызметін жүзеге асырған тамақтану орындары, азық-түлік дүкендері, түнгі клубтар иелері. Ең өрескел бұзушылар – «Алуа» кафесі (Мұстафина к-сі, 38), Dorffman сыра клубы, «Текила» лаундж-бары (Жеке батыр к-сі, 49), сондай-ақ сұлулық салондары мен азық-түлік дүкендері. Сонымен қатар 102 фармацевтикалық компанияның қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді сатқаны және дәрі-дәрмек бағасының шектеулерін бұзғаны үшін 29 фармацевтикалық компания жауапкершілікке тартылып, сотта айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 13 864 998 теңгені құрады. Қазіргі уақытта КВИ ауруларын тіркеу жалғасуда, тәулігіне 3-тен 20-ға дейін жаңа жағдай тіркелуде. Науқастар қатарында ересектермен қатар, балалар да бар.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)