Алтай Көлгінов Президентке covid-19 індетінің болуы мүмкін екінші толқынына дайындық туралы баяндады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Алтай Көлгінов Президентке covid-19 індетінің болуы мүмкін екінші толқынына дайындық туралы баяндады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211533979143470.webp)
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа covid-19 індетінің болуы мүмкін екінші толқынына дайындық туралы, қалада жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндадым. Жедел жәрдем станциясының автопаркінің көліктері екі есеге артты. Медициналық мекемелер қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, қорғаныс құралдарымен жабдықталды. Соңғы апталарда қосымша 50-ден астам жасанды желдету аппараты (бұрын сатып алынған ӨЖЖ саны 434-ті құрайды), 2 компьютерлік томография аппараты (қалада барлығы 19 КТ), 3 оттегі резервуары, 7 цифрлық рентгенографиялық жүйе сатып алынды. Ол өкпенің қаншалықты зақымданғанын дәл көрсетеді. Бұған дейін медициналық мекемелерге мыңнан астам оттегі концентратор, 500 көпфункционалды арнайы төсек-орын, мыңнан астам флоуметр қойылды. 1600-ге жуық оттегі нүктесі бар және т. б. СOVID-19-ға күдікті пациенттерге тиімді медициналық көмек көрсету үшін 4 деңгейлі алгоритм құрылды. Ол пациенттерді көмек деңгейі мен қиындық дәрежесі бойынша ұтымды сұрыптауға арналған. Жеке медицина ұйымдарынан, республикалық клиникалардың медицина қызметкерлерінен, студенттерден, профессор-оқытушылардан кадрлық резерв қалыптастырдық. Бүгінгі таңда резервте шамамен 1 500 маман бар. Барлық шаралар жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Азаматтар санитария-эпидемия нормаларын қатаң сақтау керектігін ұмытпауы керек. Мемлекет басшысы қала тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, COVID-19 таралу қаупін азайтуды тапсырды», деп көрсетілген Алтай Көлгіновтің instagram желісіндегі парақшасында.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)