Елордада психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық ашылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада психиатриялық көмек көрсететін тағы бір бастапқы орталық ашылды
ашық дереккөз

АМСК ұйымдарында осындай ортылықтарды ашу мамандандырылған көмек көрсетудің қолжетімділігі және оған мұжтаж болған адамдарға жақын болу үшін ойластырылған. Былай айтқанда, консультативті көмекке жүгіну үшін қала тұрғындарына Қалалық бас психиатрия денсаулық орталығына бару міндетті емес, енді осының бәрі тұрғылықты мекенжайы бойынша жақын жерде орналасқан. Нұр-Сұлтан қаласының Медициналық психиатрия денсаулық орталығының директорының айтуынша, бүгінде қиын қыстау заманда, пандемия кезінде, өзінің психикалық денсаулықты күту және оған көңіл бөлу өте маңызды. «Бүкіл әлемде 10 қазанда психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Адамның психикалық денсаулығы дегеніміз адам өзінің әлеуетін іске асыра алатын, стресті жеңе алатын әл-ауқат жағдайын білдіреді. Пандемия кезінде көптеген адамдар қарапайым өмірлік қиындықтарға тап болды, қиындықтардан шығудың жолын таба алмады. Осындай сәттерде қызмет етіп жүрген бастапқы орталықтардың көмегі әлдеқайда орынды», - деді О.Комарова. Комарованың айтуынша, ұзақ уақыт бойы созылмалы аурулардың өршуімен ауыратын науқастарда гипохондриялық бұзылыстар байқалуы мүмкін. Оларды қоршаған стреске деген жедел реакциясы күшейеді. Мұндай сәттерде әр тұрғын осындай орталықтарға хабарласып, мамандардан кеңес ала алады. Бүгінде осындай орталықтар қалалық №2, №6, №9, №10 емханаларда тұрғындарға өз қызметтерін ұсынуда. Мамандандырылған көмекті көпсалалы бригада, психиатр, психотерапевт, психолог, әлеуметтік қызметкерлер көрсетеді. Нұр-Сұлтан қаласында ересек тұрғындар арасындағы ауыр психикалық және мінез-құлық бұзылыстарына шалдыққандардың саны 2019 жылғы 306-дан 2020 жылдың 9 айына сәйкес 192 жағдайға дейін төмендеді.