Елімізде 74 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр – Қожахметов
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде 74 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр – Қожахметов](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115340111546065.webp)
ашық дереккөз
«Осы жылдың 2 сәуірінен 7 қазанға дейін елімізде 2 551 баладан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал 5 қазандағы жағдай бойынша 138 оқиға мектеп оқушыларынан табылды. Олардың арасында 52-сі кезекші сыныптарда жұқтырған. Ал 86-сы қашықтан оқуын жалғастырып жатыр. Тағы бір оқиға мектеп интернатында табылды. Қазіргі уақытта байланыста болғандардың бәрі 14 күндік карантинде жатыр. 7 қазандағы жағдай бойынша 74 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр. Олардың арасында бір айлық шақалақтан бастап 18 жастағыларға дейін», - дейді Бағдат Қожахметов.
Министрлік өкілі сөз арасында ең көп жағдай Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тіркелгенін атап өтті. «Жалпылай алғанда 32 бала симптомсыз ауырып жатыр. 31 бала жеңіл формада, 7-еуінде орташа ауыр күйде жатыр. Ал біреуінде пневмония бактериалды күйде анықталды, тағы бір бала вирусты пневмония COVID-19 инфекциясына тән белгілермен жатыр. Дәрігерлердің бақылауында 46 мектеп оқушысы және балабақшаларда кезекші сыныпқа барып жүрген 3 бала бар», - дейді министрліктің ресми өкілі. Айта кетейік, бүгінге дейін 108 362 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, оның 103 465-і емделіп шықты. Қазір 3 145 пациент емделіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
10 ақпан, 2025
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
10 ақпан, 2025
Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
10 ақпан, 2025
Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)
10 ақпан, 2025
«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды