Жол-көлік оқиғаларының үштен біріне жылдамдықтың артуы себеп болып отыр – ІІМ
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жол-көлік оқиғаларының үштен біріне жылдамдықтың артуы себеп болып отыр – ІІМ](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115341448741357.webp)
Серік Түсіповтың мәліметінше, 2020 жылдың 9 айында ел жолдарында 8 933 ЖКО орын алған, онда 1 265 адам қаза тауып, 11 780 адам жарақат алған. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖКО санының 22%-ға төмендегені байқалады. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған апаттардың барлық көрсеткіші де орта есеппен 30%-ға төмендеді. «ЖКО жасаудың негізгі себептері бұрынғысынша жол қозғалысы ережелерін бұзу болып отыр. Осылайша, барлық ЖКО-ның үштен бірі жылдамдық режимінің артуына байланысты орын алады – бұл 2 833 ЖКО, онда 527 адам қаза тауып, 3 918 адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен жараланғандардың төрттен бір бөлігін жаяу жүргіншілер құрайды. Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 356 ЖКО орын алды, онда 75 адам қаза тауып, 298 адам жарақат алды», — деді ІІМ өкілі. Оның айтуынша, елді мекендерде барлық ЖКО-ның 75%-ы немесе 6 740 оқиға тіркелген, олардың үлесіне қаза болғандардың 40%-ы және зардап шеккендердің 70%-ы тиесілі.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)