Азаматтардың праймеризге қатысуы әкімдік сайлауға үлкен дайындық болуы керек – саясаттанушы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азаматтардың праймеризге қатысуы әкімдік сайлауға үлкен дайындық болуы керек – саясаттанушы
ашық дереккөз

«Праймеризде жеңбеген азаматтарға айтарым, саясат дегеніміз өмір бойғы процесс. Бүгін болмаса, ертең жеңер. Алдымызда электоралды цикл тұр. Келер жазда ауылдық деңгейдегі әкімдердің тікелей сайлауы болады. Азаматтардың праймеризге қатысуы әкімдік сайлауға үлкен дайындық болуы керек. Ең негізгісі, еліміздегі саяси мәдениетті өсіру және өзін саясатшы ретінде дайындау мәселесі деп қарастыруымыз керек. Праймеризге қатысқан 10 мыңнан астам адам осыдан кейін басқа көзқарастағы адам болып шықты», - дейді Ерлан Саиров.

Айта кетейік, онлайн брифинг барысында «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев праймеризге бас-аяғы 10 990 адам қатысқанын, ал үгіт-насихат кезеңінде 123 656 іс-шара мен жарияланым ұйымдастырылғанын мәлім еткен болатын.