Праймеризден 34 үміткер шығарылды — Казанцев
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Праймеризден 34 үміткер шығарылды — Казанцев](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115400621782216.webp)
"Осы жылдың 17 тамызы мен 4 қазаны аралығында барлық деңгейдегі партиялық бақылау комитеті мен комиссиялары 30-дан астам шағым мен өтінішті қарады. Праймеризге қатысудағы түрлі заңбұзушылықтар үшін 34 кандидат алынып тасталды. Оның ішінде 28 адам дебатқа қатыспағаны үшін шығарылды. Ережеге сәйкес дебатқа қатысу міндетті болып саналады. Шағымдардың ең көп саны Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді", - деді Казанцев. Комитет басшысы сөз арасында тіркелген заңбұзушылықтар жайлы мынадай мысалдар келтіріп өтті. "Азия Снаб Центр" ЖШС бастауыш партия ұйымының жаңа мүшелерін жалған қабылдағаны үшін Әлиев пен Пернеевті тіркеу тоқтатылды. Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы партия мүшелерінің ұялы телефон нөмірлерін бұрмалағаны үшін орталық деректер базасында және праймериз ақпараттық жүйесінде Балызбектің тіркелуі тоқтатылды. Бастауыш партия ұйымының праймеризінде дауыстарды бұрмалағаны үшін Қазақстан құрылысшылар одағының кандидаты Ерғалиев тіркеуден шығарылды", — деп атап өтті спикер. Оның айтуынша, праймериз барысында партияның 20-дан астам мүшесіне партиялық жаза қолданылған. Сонымен қатар, мектептерде және басқа да коммуналдық мемлекеттік мекемелерде кандидаттардың үгіт-насихат фактілері тіркелді. Бұл үшін оларға тиісті ескертулер жасалды. Сондай-ақ, Алматы қаласында үгіт материалдарын жапсыру фактілерінің жолы кесілді. Айта кетейік, брифинг барысында партия хатшысы Арман Қырықбаев 1 980 пікірсайыс өткізілген атап өткен болатын.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)