Праймериз кезінде пікірталастың бәрі тартымды және қызықты өтті деуге негіз бар – партия хатшысы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Праймериз кезінде пікірталастың бәрі тартымды және қызықты өтті деуге негіз бар – партия хатшысы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115401124499601.webp)
Ол өз сөзінде іс-шаралар кезінде коронавирус індетінің таралмауы үшін қойылған тиісті талаптар толықтай орындалғанын атап өтті. «Жалпы жұрттың мұндай ашық саяси доданың негіздерін енді ғана игере бастағанын ескерер болсақ, саяси пікірталастың бәрі өз деңгейінде тартымды және қызықты өтті деуге негіз бар. Сол сияқты өңірлердегі үгіт науқандары да түрлі қарқында өтті. Бұл ретте кездесулерде әлеуметтік арақашықтық сақтау және санитарлық нормаларды толығымен орындау секілді талаптар толығымен орындалды», - дейді Арман Қырықбаев. Брифинг барысында іс-шаралар ұзын саны 1,4 млн адамды қамтығанын мәлім етті. «Праймериз қатысушылары негізінен онлайн форматқа басымдық берді. Шараларды түсіріп, бейнеролик ретінде таралды. Осылайша жеке сайлауалды күн тәртібін қалыптастыра білді. Үгіт-насихат кезеңінде 123 656 іс-шара мен жарияланым ұйымдастырылды. Олардың ішінде 62 813 іс-шара тікелей 1,4 млн-нан астам адамды қамтыды. Әлеуметтік желілерде 60 846 жарияланым шыққан болса, республикалық және өңірлік БАҚ беттерінде 4 113 материал жарық көрді», - деп сөзін қорытындылады.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)