Мәжіліс депутаттары Қырғыз Республикасындағы парламенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мәжіліс депутаттары Қырғыз Республикасындағы парламенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115405545911001.webp)
Қазақстандық тараптан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының бақылаушылар миссиясының құрамында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман қатысты. Ал Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының байқаушылар миссиясының бақылаушыларының қатарында болса, Дархан Мыңбай ТүркПА-ның байқаушылар тобына кірді. Сапар барысында қазақстандық депутаттар Парламентте, Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияда, сондай-ақ Қырғызстандағы саяси партиялардың сайлауалды штабының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Сонымен қатар 4 қазандағы сайлауда мәжілісмендер Бішкектегі сайлау учаскелерінде болып, ашылуына қатысты. Сондай-ақ, дауыс беру процесін, дауыстарды санауды және сайлау нәтижелерін шығару барысын бақылады.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)