Төтенше жағдайлар департаменті көліктегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төтенше жағдайлар департаменті көліктегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді
ашық дереккөз

Соның аясында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы және автокөлікте өрт болған жағдайда не істеу керектігін ескертті. Осы жылдың тоғыз айында бас қалада көлік құралдары өртенуінің 89 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 73 жеңіл, 13 жүк және 3 қоғамдық көлік өртенген. Жалпы шығын 6 млн теңгеден асты. Автокөліктер өртенуінің негізгі себептері - электр сымдарының қысқа тұйықталуы, көлік ішінде темекі шегу, жанар-жағармайдың ағуы және оның қозғалтқыштың қызып тұрған бетіне түсуі, қыс мезгілінде қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, жөндеу жұмысы кезінде электр-газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде отты абайсыз пайдалану. Құтқарушылар автокөліктердің техникалық пайдалануына және уақытылы диагностикасына ерекше назар аудармай, автокөлік иелерінің өз көлік құралына немқұрайлы қарауы осындай жағдайларға әкелетінін түсіндірді. Сондықтан автокөлік иелері мен көлік кәсіпорындарының жүргізушілеріне барлық электр жабдықтарының жарамдылығын мұқият бақылауды ескертіп, тиісті кеңестерді берді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ