Волонтерлер зейнеткерлер мен ардагерлерге азық-түлік жиынтығын жеткізді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Волонтерлер зейнеткерлер мен ардагерлерге азық-түлік жиынтығын жеткізді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115406418329112.webp)
Еске сала кетейік, осы жылдың мамыр және шілде айларында «Жеңіс» жобасы аясында еріктілер Қазақстанның 35 қаласынан келген 600-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті. Жалпы, жыл соңына дейін республика бойынша 1 500-ден астам қарт адамға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету жоспарланып отыр.
«Ата-әжелер үшін сыйлықтар мен заттар маңызды емес, бірақ оларға көңіл бөлу мен қамқорлық қажет. Осындай іс-шаралардың арқасында волонтерлер өз тәжірибелерін қабылдай отырып, егде жастағы адамдармен байланысады. Мұндай қарым-қатынас жастарды да, ересектерді де шабыттандырады», - деді Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жоба менеджері Ажар Абдиева.
Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының көмекке зәру адамдарға бей-жай қарамайтын қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. volunteer.sknews.kz сайты арқылы өтініш беру арқылы ҚР кез келген азаматы волонтер бола алады.
Қор тобындағы волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлікті, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесуді, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосуды көздейді.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)