БҒМ коронавирусқа қарсы вакцинаны патенттейді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![БҒМ коронавирусқа қарсы вакцинаны патенттейді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115400326700432.webp)
Қазіргі таңда екі өтінім де KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтті.
«Күні бүгінге дейін БҚПҒЗИ ғалымдары патент алу үшін екі өтінім берді:
• 2020 жылғы мамыр айында - «COVID-19 алдын алу үшін әсерсіздендіретін вакцинаны алу тәсілі»;
• 2020 жылғы тамыз айында - «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакциналардың ерекше профилактикалық құралдарын әзірлеу, лабораториялық диагностикалау және биологиялық қорғанысының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын COVID-19 коронавирустық инфекциясы вирусының «SARS-CoV-2/KZ_Almaty/04.2020» штаммы».
Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі» - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.
Патент өнертабыстың патентке қабілеттілігін, атап айтқанда, «жаңалық», «өнертабыстық деңгейге жеткендігі», «өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы» шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)