Цой: Қосымша тағы 2,6 мыңнан астам ИВЛ аппараты сатып алынады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Цой: Қосымша тағы 2,6 мыңнан астам ИВЛ аппараты сатып алынады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115403038288423.webp)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясымен күресе қанша сомма дайындалғанын, қандай вакцина мен аппараттар сатып алынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «COVID-19 инфекциясына қарсы 11,4 млрд теңгеге қосымша екі айлық дәрі-дәрмек қоры құрылды. Өңірлердің бәріне жөнелтілді. Барлық облыста тұрақтандыру қоры құрылды. Оның жалпы құны 13 млрд теңгені құрайды. Амбулаторлық деңгейде препараттардың тізбесі кеңейтілді. COVID-19 инфекциясынан үй жағдайында тегін емделу үшін 1 млн пациентке дәрі-дәрмек қарастырылған», - деді министр. Сөз арасында ол бұдан бөлек вакцина түрлері де сатып алынғанын айрықша атап өтті. «Сонымен қатар тұмауға қарсы вакцинаның 2,2 млн дозасы сатып алынды. Бұл әлеуметтік осал топтарға арналған. Вакцинацияны 15 қыркүйекте бастадық. Бүгінге дейін шамамен 1 млн адамға екпе жасалды», - деді өз сөзінде. Министр стационарларда қанша аппарат барын, алдағы уақытта тағы қанша данасы сатып алатынын нақтылап жеткізді. «Қазіргі уақытта инфекциондық және провизорлық стационарларда 3 379 ИВЛ аппараты бар. Қосымша 2 619 данасы сатып алынады. Оның ішінде 1,5 мың отандық өнім бар. Сол сияқты 21 мыңнан астам орын оттегімен қамтамасыз етілген. Қазан айының соңына дейін қосымша 9 мың орын дайындалады», - деді Алексей Цой.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)