Қарттар күніне орай елордада жылжымалы автобуспен концерт ұйымдастырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қарттар күніне орай елордада жылжымалы автобуспен концерт ұйымдастырылды
ашық дереккөз

Таңертең әртістермен бірге туристік автобус қаладағы 8 ауланы аралап шықты. Қарттарға құттықтау айтылып, баршаға сүйікті халық әндері шырқалды. Осындай ерекше музыкалық сыйлықты елордалық ардагерлер кеңесі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және қаланың мемлекеттік академиялық филармониясы дайындады. Мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласының академиялық филармониясы қарттарға арнап концерт береді. «Бұл біз үшін өте маңызды күн, өйткені жас ұрпақ үлкендерді ұмытпауы керек. Бүгін біз барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, шағын құрамда өнер көрсетеміз. Тұрғындар үшін Нұрбол Балапанов, Әкімхан Мәженов, Естай Мұқашев, Диана Маева, Айдын Жұмабаев ән шырқайды. Біздің филармония жыл сайын Қарттар күніне арналған концерттерге қатысады, бірақ бұл форматта алғаш рет өнер көрсетуіміз. Қала тұрғындарының пікіріне сүйенсек, оларға ұнаған", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Айдын Жұмабаев. Қалалық ардагерлер кеңесінің хабарлауынша, елордада Қарттар күніне арналған іс-шаралар бір ай өткізіледі «Айлық 15 қыркүйектен басталды: Қатысушылар саны шектеулігіне қарамастан Абай даңғылындағы жазушылар аллеясында флешмоб өтті. Одан әрі зейнеткерлер үшін шахмат турнирі ұйымдастырылып, барлық 4 ауданда жарыстар өтті, қорытынды жарыс 9-11 қазан аралығында өтеді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, біздің еріктілердің қолдауымен қаланың бірнеше нүктесінде 300-ге жуық жеміс ағаштары отырғызылды. Ал 25 қазанда «Үлкендерге тағзым» акциясы басталады: барлық ардагерлерге,  соғыс ардагерлеріне, көпшілігі жалғыз тұратын қарт кісілерге қала әкімі мен ардагерлер кеңесі төрағасының атынан азық-түлік жиынтықтары мен сыйлықтар таратылады. Бүгін біз музыкалық сыйлық дайындадық. Бағдарлама бойынша бүгінгі акцияға 15-тен астам мәдениет қызметкері жұмылдырылды. Барлық шараларды қатаң сақтаймыз», — деді қалалық ардагерлер кеңесінің кеңесшісі Салтанат Меңлібаева. Оның айтуынша, бүгінде қалада 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады, оның 28-і – соғыс ардагері, 3 мыңға жуығы – тыл еңбеккері. 38 кәсіпорын, мекемелер мен ұйымдар, бизнес-құрылымдар бұрынғы қызметкерлеріне — қазіргі зейнеткерлерге көмектеседі, оларға азық-түлік себеттерін жеткізіп, жан-жақты қолдау көрсетеді.