«Жанұя» отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Жанұя» отбасын қолдау орталығына 25 мыңнан астам адам жүгінді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115405618561538.webp)
Орталықта елорда тұрғындарына АӘК-ге өтінім беру, баспана кезегіне тұру және медициналық көмек алу бойынша кеңес беріледі. Тұрғындар мұнда заңгерлік және психологиялық көмек ала алады. «Жанұя» орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетеді. Орталық алаңында «Кәсіпкер ана» қалалық аналарына өз бизнесін дамытуға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейді. Онда мамандар өз ісін ашуға көмек көрсетіп, кәсіпкерлер мотивациялық бизнес-тренингтер өткізеді. Сонымен бірге орталық базасында Нұр-Сұлтан әкімінің ашық қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Ал аудан әкімдерінің, басқарма және басқа ұйымдар басшыларының азаматтарды қабылдауы кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Мекемеде кедергісіз орта жасалған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған лифтілер бар. Арнайы ойын алаңы ашылған, онда орталық қызметкерлері балаларға қарайды. Орталық жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық мәселелер бойынша отбасы институтын қолдау орталығының +7-7172-27-82-98 нөміріне хабарласуға болады. Қосымша ақпарат орталықтың Instagram парақшасында.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)