Нұр-Сұлтанда еуропалық дипломаттар ағаш отырғызды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда еуропалық дипломаттар ағаш отырғызды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115414229067920.webp)
Іс-шараға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, сондай-ақ Еуропалық Одаққа мүше елдердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссияларының басшылары қатысты.
Іс-шараның салтанатты ашылуы барысында М.Баймұхан аталған шара ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған бес жыл ішінде елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш және бүкіл ел бойынша екі миллиард ағаш отырғызу мақсатына қол жеткізуге қосқан маңызды үлес екенін атап өтті. Қазақстан үшін тұрақты даму мәселелері, әсіресе климаттың өзгеруі контекстінде, әрқашан ұлттық күн тәртібінің басымдығында болады.
ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Свен-Олов Карлссон өз кезегінде «ЕО Қазақстанның орнықты даму жолында қабылдаған батыл қадамдарын жоғары бағалайды. 2013 жылы Қазақстан Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі ең өршіл жоспар болып табылатын жасыл экономикаға көшу жоспарын іске қосты. Біз өзіміздің өңірлік, сондай-ақ екіжақты бағдарламаларымыздың көмегімен еліміздің «жасыл» дамуына үлес қоса отырып, осы жетістіктердің бір бөлігі болуды мақтан тұтамыз. Қоршаған орта және «Жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастық 2020 жылғы наурызда күшіне енген ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің басым бағыттарының бірі болып табылады» - деп атап өтті.
Ағаш отырғызу ЕО климаттық дипломатиясы мен #EU4GreenKZ науқаны аясында өтті. Іс-шараның мақсаты – «жасыл» экономикаға үлес қосу және Нұр-Сұлтан қаласының тұрақты дамуы және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту.
Дипломаттар бірлесіп ЕО-ға мүше елдердің санына сәйкес 27 ағаш (15 көк шырша және 12 емен) отырғызды.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)