Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі биыл 23 пайызға төмендеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда көлемі биыл 23 пайызға төмендеді
ашық дереккөз

Брифингте тараптар Халықаралық еңбек ұйымының 1948 жылғы 9 шілдедегі қауымдастық бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы № 87 Конвенцияның ережелерін орындауға қатысты, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ преференциялар жүйесін одан әрі пайдалануы жөніндегі ұсынымдарын іске асыру мәселелерін талқылады. ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Қ. Төребаев 2020 жылдың 7 айында өзара сауда көлемі туралы ақпаратпен бөлісті, ол $0,9 млрд. құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23%-ға төмен ($1 299,4 млн.). Қазақстанның экспорты 27,2%-ға төмендеп, $338,0 млн., импортты - $661,9 млн. 20,8%-ға төмендеді. Ол тауар айналымының төмендеуінің негізгі факторы ретінде барлық елдердің, соның ішінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда қатынастарында көрініс тапқан коронавирус пандемиясының салдарын атап өтті. Сонымен қатар, Қ.Төребаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тереңдету мақсатында жеткізілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды ұсынды. Ол сондай-ақ ҚР-АҚШ арасындағы іскерлік кеңестің ашылуы АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісін ашу мүмкіндігін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде мультимодальдық көлік хабын салу бойынша американдық компаниялармен бірлескен жобаны іске асыруға қатысты ұсынысты біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту бойынша жақсы мүмкіндік ретінде Вице-министр Қ.Төребаев ерекше атап өтті. Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісін ашу мүмкіндігін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде мультимодальдық көлік хабын салу бойынша американдық компаниялармен бірлескен жобаны іске асыруға қатысты ұсынысты біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудің перспективалық нұсқалары ретінде Вице-министр ерекше атап өтті.