Үстел теннисінен ТТС «Astana» клубы Ресей чемпионатына қатысуы мүмкін

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үстел теннисінен ТТС «Astana» клубы Ресей чемпионатына қатысуы мүмкін
ашық дереккөз

2020 жылдың 1 қазанында Ресей үстел теннисі федерациясы (РҮТФ) Директоратының отырысы өтеді. Онда РҮТФ командалық чемпионатының лигалары мен топтарының құрамын, 1, 2-турдың өтетін орындары мен мерзімдерін бекіту жоспарланған. "Жарысқа қатысушылар қатарында қазақстандық ТТС "Astana" мен "TT Club Karaganda" клубтарының ерлер және әйелдер құрамалары бар. Егер covid-19 кедергі жасамаса, онда біздің спортшылар 4-8 қараша аралығында Верхняя Пышма қаласында (Свердлов облысы) Суперлигада ойнайтын болады. TTC "Astana" клубының әйелдер құрамасы Магнитогорск қаласында (29 қазан - 1 қараша, Суперлига) ойнайды, ал "TT Club Karaganda" ойыншылары Орынборда 29 қазан-1 қараша аралығында Жоғарғы лигада өнер көрсетеді", - делінген хабарламада.