Жүрек-қан тамырлары ауруы бар науқастарда COVID-19 инфекциясы ауыр өтті – реанимотолог

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жүрек-қан тамырлары ауруы бар науқастарда COVID-19 инфекциясы ауыр өтті – реанимотолог
ашық дереккөз

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» реаниматологы Айдын Қуанышбек коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды емдеу қалай жүргізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. «Ел азаматтарынан алғаш коронавирус инфекциясы табылғанда біздің аурухана алғаш болып күрескендердің бірі болатын. Біздің клиникада 241 пациент жатса, оның ішінде 70 науқас жедел көмек көрсету бөлімшесі арқылы өтті. Сол сияқты экмо аппараты арқылы 15 науқас болса, ивазивті желдеткіш аппаратында 40 науқас жатты. Біздің клиникаға ауыр деңгейдегі науқастар жатқызылды», - дейді врач-реаниматолог. Сөзін жалғай отырып, ол ауруханада қосымша аурулары бар науқастар жатқанын айрықша атап өтті. «ДДСҰ көрсеткіші бойынша өлім көрсеткіші жағынан бірінші орында – жүрек-қан тамырлары аурулары. COVID-19 инфекциясы мұндай жүрек-қан тамырлары ауруы бар науқастарда өте ауыр өтеді. Міне осындай әрі өкпесінің басым бөлігі зақымданған науқастар біздің ауруханада ем алды», - дейді ол.