Әскери кафедраларға түсушілерге медициналық комиссиядан өту мерзімі ұзартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әскери кафедраларға түсушілерге медициналық комиссиядан өту мерзімі ұзартылды
ашық дереккөз

Республикалық жоғары оқу орындарында 35 әскери кафедра жұмыс істейді. Жыл сайын 6000-ға жуық запастағы офицерлер шығарылады. Қазіргі уақытта өңірлердегі студенттердің басым бөлігі медициналық куәландырудан өтті. Нұр-Сұлтан қаласында қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап медициналық комиссиядан 1000-нан астам кандидат студент өткен болатын. Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына түсуге ниет білдірушілердің көптеп келуін ескере отырып, республика бойынша медициналық куәландырудан өту мерзімі 2020 жылғы 10 қазанға дейін ұзартылды. Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігінің құзыретіне регламенттік рәсімдер кірмейді. Медициналық комиссиялардың орналасқан жері, олардың құрамы мен жұмыс кестесі жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалған. Әкімдіктердің шешімі бойынша медициналық тексеру күн сайын сағат 14-тен 18-ге дейін жүргізіледі.