Елорданың мектептеріне 5 мыңнан аса ноутбук таратылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың мектептеріне 5 мыңнан аса ноутбук таратылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115422643226505.webp)
«Бүгін біз елордадағы мектептерге қашықтан оқыту үшін 5 400 ноутбук пен дәл сондай көлемде құлаққап тапсырғалы отырмыз. Барлық техника жергілікті бюджет есебінен сатып алынды. Ноутбуктер мен құлаққаптар мұқтаж оқушыларға беріледі. Қыркүйек айында біз Нұр-Сұлтан қаласының мұғалімдері мен оқушыларына 22 600 роутерді тараттық. Бұдан басқа, тамақтануға жұмсалатын қаражатты үнемдеу есебінен біз мектептерге 2 600 моноблок сатып алып, тараттық», — деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының стратегия, талдау және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Дінмұхамед Хасенов.
[caption id="attachment_38367" align="alignnone" width="1280"] Фото: Elorda Aqparat/ Сұлтан Сейітов[/caption]
Оның айтуынша, елордалық Білім басқармасы қазан айының ортасына дейін қосымша 26 мыңнан астам ноутбук сатып алуды жоспарлап отыр.
«Қазіргі уақытта біз 8 мың ноутбук сатып алдық, қосымша 26 472 ноутбук сатып аламыз. Жалпы, қазан айының ортасына дейін мектептерге 34 мыңнан астам ноутбук табыстаймыз», — деді бөлім басшысы.
Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар мен мұғалімдерге берілген барлық техника уақытша пайдалануға беріледі.
[caption id="attachment_38368" align="alignnone" width="1280"]
Фото: Elorda Aqparat/ Сұлтан Сейітов[/caption]
«Біз ноутбуктерді уақытша пайдалануға береміз. Пандемия аяқталып, мектептер штаттық режимге көшкен кезде, ата-аналар мен мұғалімдер барлық техниканы кері қайтаруы керек. Бұл ноутбуктер алдағы уақытта мектептерде пайдаланылатын болады», — деп атап өтті Дінмұхамед Хасенов.
Сондай-ақ, ол техника оқушылардың кінәсінен істен шыққан жағдайда ата-аналар келтірілген залалды өтеуі тиіс екенін атап өтті.
«Мектептер ата-аналарға ноутбук таратқан кезде оны уақытша пайдалануға келісім жасалады. Келісімшартта техниканың бағасы көрсетіледі. Егер техника оқушының кінәсінен бұзылса, онда ата-аналар залалды өтеуі керек. Егер бұл зауыттық ақау болса, онда техниканы кепілдік талон бойынша жөндеуге немесе ауыстыруға болады», — деп қорытындылады Дінмұхамед Хасенов.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)