National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының фотосуреттерінен фотокөрме ұйымдастырды
National Geographic фотографтары Нұр-Сұлтан қаласының фотосуреттерінен фотокөрме ұйымдастырды. Тамыз айынан бері өтіп жатқан "Ұлы дала жүрегі" көрмесінде қазақстандық және шетелдік авторлардың 150-ден астам жұмыстары ұсынылған. Олардың арасында Джордж Стейнметцтен басқа, бүкіл әлемді шарлаған таңғажайып суреттер Antonio Politano, Sasin Tipchai, Никита Басов, Тұрар Қазанғапов сияқты National Geographic-тің еңбек сіңірген фотографтары, сондай-ақ Батырлан Төлегенов, Александр Филипенко, Евгений Ткаченко, Айбек Аханов және басқа да танымал отандық фотографтар бар. Фотосуреттерде елорданың тұрмыс-тіршілігі, қаладағы демалыс, іскерлік және мәдени өмірі, жарқын тұлғалары бейнеленген. Сонымен қатар, ерекше гастрономиясы, спорт әлемі және қаланың көрікті жерлері де көрсетілетін болады. “Ұлы Дала жүрегі” фотокөрмесінің мақсаты - атақты шетелдік және отандық фотографтардың фотокамералары арқылы бүкіл әлемге Нұр-Сұлтан қаласын жан-жақты көрсету. Суреттерді "Хан Шатыр" СОС орталығы жанындағы алаңнан тамашалауға болады. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Ұйымдастырушылар барлық ережелерді қатаң сақтау, маска тағу, қашықтықты сақтау және санитайзерлерді пайдалану қажеттілігін еске салады. [caption id="attachment_38381" align="alignnone" width="2000"] Фото: astana.gov.kz[/caption] Айта кетейік, Қазақстан астанасының суреттерін әлемнің кез келген нүктесінен мына сілтеме арқылы nursultankorme.kz онлайн көруге болады.