Шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» онлайн-концерті өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» онлайн-концерті өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115428227495765.webp)
«Ұлы дала елінен» жобасы аясында «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер ұжымы шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концерт ұсынады. Бұл туралы Елорда Инфо «Қазақконцерт» МКҰ» РМҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсету және шетелдегі қандастармен байланысты нығайту мақсатында өтетін концертті Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп ұйымдастыруда. Бұл жоба 2019 жылдан бері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. 27 қыркүйек күні сағат 21.00-де тікелей эфирде өтетін онлайн концертте дәстүрлі ән-күй өнерінің белгілі саңлақтары өнер көрсетеді. Онлайн концерт «Отандастар қоры» КЕАҚ Otandastar channel YouTube арнасында көрсетіліп, баршаға қолжетімді болмақ. Тікелей эфирде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Мұқият, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс өнер көрсетеді. Әртістер көпшілік сүйіп тыңдайтын ұлттық музыкалық туындылар мен жаңа музыкалық композицияларды орындайды.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)