Мұғалімдер күні қарсаңында еліміздің үздік педагогтері анықталады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мұғалімдер күні қарсаңында еліміздің үздік педагогтері анықталады
ашық дереккөз

«Үздік педагог» атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, «Kazakhstan Parents Union» қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының «Әлем мұғалімі – Қазақстанда» жобасының үйлестірушісі, «ADAL BILIM» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, «Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. «Мұғалімдер күні қарсаңында конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады», – деп хабарлады вице-министр Шолпан Каринова. 9 жыл ішінде «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.