Төкежанов сақтандырылған азаматтарға қандай қызметтердің көрсетілетінін айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төкежанов сақтандырылған азаматтарға қандай қызметтердің көрсетілетінін айтты
ашық дереккөз

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов онлайн брифингте сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтерінің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Егер сізде созылмалы ауру болса, сіз әлеуметтік мәні бар аурулар және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша есепте тұрсаңыз, онда бейінді маманның қабылдауы ТМККК пакеті бойынша да жүзеге асырылады. Қазір Қорға Qoldau 24\7 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдар жиілеп кетті. Тағы да қайталаймын, ТМККК пакетіне кіретін көмекті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді. Сонымен қатар сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтердің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетіледі. Пациенттердің жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеру, мектеп медицинасы, бекітілген тізбе бойынша шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі. МӘМС пакетінде медициналық көрсеткіштер бойынша инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен операциялар, сондай-ақ балалардың созылмалы аурулары кезінде пациенттер үшін медициналық оңалту қолжетімді», – деді Қор басшысы.