Дәріхана басшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дәріхана басшыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115426617465761.webp)
Кездесуге Департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ералы Нұрғазин және «SDK – Фарм» ЖШС, «Адам Партнерс» ЖШС, «МФК «Гиппократ» ЖШС, «Europharma» ЖШС, «Столичная аптека Citi» ЖШС, «Максима - Фарм» ЖШС, «Медсервис Плюс» ЖШС, «Феникс ФК» ЖШС, «Касымханов СП» ЖК дәріханаларының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Жазира Жылқышиева «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында «СҚ-Фармация» қоймасына, қалалық дәріханаларға және гуманитарлық көмекті жеткізу барысында жүргізілген мониторинг нәтижелерін айтты. Спикердің айтуынша, мониторинг барысында дәріханалардың дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен және одан бөлек жеке тұлғалардың сату фактілері кездескен. Аталған фактілер уәкілетті органға жолданып, тиісті шаралар қабылданған. Кінәлі тұлғалар жазаланған. Кездесу барысында аталған фактілердің жолын кесу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде мәселелер талқыланды. Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактілерінің жолын кесу мақсатында жоба аясында қалалық дәріханаларда дәрі-дәрмектердің шекті бағалары туралы ақпараттық брошюралар орналастырылған. QR-кодтың көмегімен азаматтар Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген дәрі-дәрмектер тізімі бойынша жаңартылған бағаны көруге мүмкіндік бар. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшылығы дәріханалардың директорларына аталған бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Іс-шара барысында арнайы слайдтар мен бейнероликтер ұсынылды. Дәріхана өкілдері спикерге сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)