Елордадағы әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толық дайын
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толық дайын](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115430734091967.webp)
Ал жеке сектор тұрғындары үшін қаланың әр жерінде орналасқан 11 көмір сататын орын белгіленді. Алып-сатарлық пен түсінбестік болдырмас үшін көмір қоймаларына көмір жеткілікті мөлшерде әкелінді. Көмірдің бағасы, түрі сияқты толық ақпаратты 109 желісіне хабарласып біліп отыруға болады. "Сонымен қатар елді мекендерді газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Мәселен, Теміржолшылар елді мекенінде газбен жабдықтайтын тарату желілері толық жүргізілген. Промышленныйда, 2-ші Көкталда 95%, 1-ші Көкталда жұмыстар 80%-ке бітіп тұр. Мұндай жұмыстар Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүріп жатыр. Осы тұрғын алаптардағы үйлер, оның ішінде Агроқалашықтың жартысы биылғы жылу маусымында газды қолдана алады. Тұрғындар үйлерін газға қосуға техникалық шарттар алу үшін фронт-кеңселерге баруы керек. Бұдан өзге, биыл 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО бір бөлігін газға көшіреміз. Ауа температурасы 5 күн шамасында +10 градус (және одан төмен) болып тұрса онда жылу беру басталады”, - деді елорда әкімі.
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)