ІІМ Questra және Asset қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің полицияға хабарласуын сұрайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ІІМ Questra және Asset қаржы пирамидаларынан зардап шеккендердің полицияға хабарласуын сұрайды
ашық дереккөз

"Қаржы пирамидасының басшылары интернет желілерінде веб-сайттар құрып, ойдан шығарылған түрлі инвестициялық портфельдер сатқан. Алаяқтар портфельдің мерзімі аяқталғанда 300% дейін пайда табасыз деп жалған уәделер берген", - делінген хабарламада.

Ел аумағында алаяқтардан мыңдаған қазақстандық зардап шекті, оларға келген шығын 1 млрд теңгеден асып түскен. Тамыз айында қаржы пирамидасы басшыларының бірі, Ресей азаматы Ольга Клейнард Беларусь елінен экстрадицияланды және сотқа дейінгі тергеу қайта басталды. Осыған байланысты тергеу органы «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» компаниялар тобының алаяқтық қызметінен зардап шеккендердің барлығын ІІМ-ге (Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1) немесе тұрғылықты жері бойынша Полиция департаменттеріне хабарласуды сұрайды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды сергек болуға және оңай және тез пайда табу туралы уәделерге сенбеуге және осындай жағдайлардың барлығын дереу полиция органдарына хабарлауға шақырады.