Бүкіләлемдік Тазалық күні: Елорда саябағында 700-ден аса ағаш отырғызылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бүкіләлемдік Тазалық күні: Елорда саябағында 700-ден аса ағаш отырғызылды
ашық дереккөз

Шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты. [caption id="attachment_37406" align="alignnone" width="1280"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Сенат спикері Мәулен Әшімбаев осындай экологиялық күндерді өткізудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол жаһандық климаттың жылыну қаупіне байланысты ағашты жүйелі түрде отырғызу керектігін айтты. “Бізге Президенттің бастамасы аясында еліміздің орман қорына 2 млрд ағаш және елді мекендер мен қалаларда 15 млн ағаш отырғызу керек. Бұл өте ауқымды және маңызды шара. Еліміздің орман қорын ұлғайтып, азаматтарға жайлылық сыйлау үшін көгалдандырумен көбірек айналысқан жөн. Сондықтан елордамыз Нұр-Сұлтанда жақсы бастама қолға алынып жатыр. Осы бастаманы өңірлердің де қолдағаны маңызды”, - деді М.Әшімбаев. [caption id="attachment_37417" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, Алматы ауданындағы саябақта 700 ағаш отырғызылады. “Қазіргі уақытта 300 мың ағаш отырғызылды. Бірақ біз жылына кем дегенде 500 мың ағаш егуді жоспарлап отырмыз. Президент өзінің Жолдауында экологияны таза ұстаудың қаншалықты маңызды екенін айтты. Бізді волонтерлердің белсенді қатысуы қуантады. Азаматтық қоғамның да бұл шараға көмектесіп жатқанын көріп отырмыз. Экология мәселесі - азаматтардың денсаулығының мәселесі. Карантин кезінде саябақтар мен гүлбақтарда тұрғындар үшін таза ауамен тыныстау маңызды. Қоғамдық кеңістіктер де сұранысқа ие. Бұл жер де көпшілік жиналатын орынға айналады. Бұған дейін бұл орын бос жатқан. Қазір ағаш-талдар отырғызылып, балалар мен ересектердің спортпен жаттығатын алаңы салынып жатыр. Алдағы уақытта бұл жер қаладағы әдемі орынның бірі болады. Мұнымен тоқтамаймыз. Бұл экологиялық күннің бастамасы. Осы жұмысты елорданың барлық ауданында жалғастыратын боламыз”, - деді Алтай Көлгінов. [caption id="attachment_37418" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] Аталған саябақтың құрылысы мен абаттандыру жұмысы келесі жылдың көктемінде аяқталады деп жоспарлануда. [caption id="attachment_37415" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption] [caption id="attachment_37404" align="alignnone" width="800"] Фото: Василий Крась/Elorda Aqparat[/caption]