Қазақстандық прокурорлар 390 млн теңгеден астам қаржыны Швейцариядан қайтарды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық прокурорлар 390 млн теңгеден астам қаржыны Швейцариядан қайтарды
ашық дереккөз

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған. Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген. Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын. Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.