«Менің онлайн оқуым» байқауының жеңімпаздары марапатталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Менің онлайн оқуым» байқауының жеңімпаздары марапатталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115451712623771.webp)
Жобалық кеңсе ата-аналар мен балалар арасында байқау жариялаған болатын. Байқау барысында оқушылар мен ата-аналар өздерінің онлайн оқу кезіндегі қызықты фото және видеоларымен бөлісті. Байқау балалар мен ата-аналардың өзара бірлігін нығайту мен балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы етіп өткізу мақсатында жасалды. Жобалық кеңсе тарапынан ұйымдастырылған байқауға 18 ата-ана қатысты. Ең креативті әрі қызықты видеолар ішінен көпбалалы аналар Жанна Орынбасарова мен Жаннұр Амантайдың отбасы озып шықты. Балалар мен ата аналарына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меценаты, «Apple Zhas» компаниясының негізін қалаушы Жазира Алиева тарапынан сыйлықтар ұсынылды. Сондай-ақ шара барысында «Береке» ҚҚ мен жобалық кеңсе арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жобалық кеңсе мен қоғамдық қор отбасы құндылықтарын насихаттау мен ұлттық патриотизмді нығайту бағытында алдағы уақытқа да іс-шаралар жоспарлауда.
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)