KAZGUU заңгерлері ZOOM платформасы арқылы тегін кеңес береді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
KAZGUU заңгерлері ZOOM платформасы арқылы тегін кеңес береді
ашық дереккөз

Ол үшін ZOOM қосымшасын орнатып, мына сілтеме бойынша өту қажет. Азаматтарды қабылдау виртуалды кабинетте дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00-18.00 аралығында өтеді. «Әр адамға сапалы құқықтық кеңес қажет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметтің басым міндеттерінің бірі — мұқтаж жандарға заңгерлік көмек беру деген болатын. Бірақ құқықтанушы мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес. Сауатты заңгерлердің кеңесі уақытында берілген болса, біраз кейстерді шешуге болатын еді», – деді клиницист-студент Рамазан Әзіретқұлов. Заң клиникасы директорының айтуынша, азаматтық, отбасылық немесе еңбек мәселелері бойынша хабарласуға болады. Клиницист-студенттердің жауаптары алдын ала кәсіби заңгерлердің сапа тексеруінен өтеді. «Біз Қазақстанда Волонтерлер жылы жарияланғанға дейін де құқықтық еріктілер ретінде белсенді жұмыс атқардық. Биыл карантиндік шектеулерді ескере отырып, қашықтан кеңес беруді қолға алып отырмыз. Арнайы әзірленген Zandar.kz сайтынан басқа, ZOOM платформасында виртуалды кабинет іске қосылды. Заң клиникасында тағылымдамадан өтіп жүрген студенттер Сізді мазалаған сұрақтарға онлайн режимде жауап беруге дайын. Біз студенттеріміздің күш-жігері арқылы құқықтық волонтерлікті дамытып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосып қана қоймай, болашақ заңгерлерді әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелейміз», – деді КАЗГЮУ Заң клиникасының директоры Эстер Бабаджанян.