Нұр-Сұлтанда пайдаланылған бетперделер мен қолғаптарға арналған эко-қораптар орнатылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда пайдаланылған бетперделер мен қолғаптарға арналған эко-қораптар орнатылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17212225236534055.webp)
Нұр-Сұлтанда карантин басталғалы бері 30 келіден астам қалдық жойылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 80-нен астам эко-қораптар елорданың барлық ірі сауда үйлері мен базарларында орнатылған. Нұр-Сұлтан әкімдігінің қолдауымен пайдаланылған бетперделер, қолғаптар, майлықтар мен антисептиктерді тастауға арналған қоқыс жәшіктері орнатылды. Эко-қораптарды «Clean city» компаниясы тегін жасаған. «Олар «Смол», «Магнум», «Кеңмарт» сияқты ірі орталықтарда, сондай-ақ қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан «Астаналық», «Шапағат», «Әсем» базарларында орналасқан. Қызмет көрсетуші компаниямен осы экологиялық жәшіктер толған кезде дереу алынып, орнына жаңалары әкелінеді. Қалдықтар арнайы базада термиялық күйдіру әдісімен жойылады. Яғни, бұл толықтай қауіпсіз», – дейді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бөлімінің бастығы Алмас Рысалиев. Мамандардың айтуынша, қоқыс жою қауіпсіз жолмен – автоматты түрде жүзеге асады. Барлық қажетті шаралардан кейін, бетперделер мен қолғаптардың күлі де қалмайды. «Бастапқыда барлық экобокстар арнайы дезинфекциялық ерітіндімен өңделген. Кәсіпорынға жеткізу кезінде қораптар қажетті параметрлерге сәйкес тығыздалады. Содан кейін қалдықтар үш камерадан өтеді. Итергіш арқылы бірінші камераға қойылып, қыздырылады. Содан кейін жану камерасына түседі. Бұдан соң пайда болған газдар үшінші камераға өтеді. Онда олар 1200 градус температурада бейтараптандырылады», – деп түсіндірді «ҚазЭкоТех Астана НТП» ЖШС бас директоры Владимир Андреев. Жалпы, бүгінге дейін мұндай қалдықтардың 30 келіден астамы жойылған.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)