Нұр-Сұлтанда көктемгі көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда көктемгі көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122750212601117.webp)
[caption id="attachment_8674" align="alignnone" width="800"] Фото интернеттен алынды[/caption]
Карантин жағдайына қарамастан Нұр-Сұлтан қаласында да көктемгі көгалдандыру жұмысы басталып кетті, деп хабарлайды Елорда Инфо «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Коммуналдық мекемелер жоспарлы 30 мың түп көшеттің бір бөлігін осы мезгілде отырғызуға асық. Ағаш отырғызу айрықша ыждаһатты қажет етеді. Әрбір түптің тамыр жайғанын қалайтын Шабанбай Бижанов осылай дейді.
Шабанбай Бижанов, көгалдандырушы: – Трактормен егуге келмейді. Өйткені трактор мынадай шұңқыр жасай алмайды. Суды ұстап түру үшін шұңқыр керек Ерекше сүйіспеншілікпен отырғызамыз. Өйткені ертең бұл ағаш балаларымызға сая болады, қаланың көркі болады. Биыл 30 мың түп ағашын отырғызу жоспарда бар. Жұмысшылар осы көктемде емен, қайың, жөке және шегіршін ағашының 8 мың түбін егеді. Сондай-ақ қаланың ажарын кіргізу үшін ақ, күлгін түсті бөртегүл бұталарын отырғызады. Әсіресе, жағалау маңын осы бұтаның көмегімен аббаттандыру көзделіп отыр.
Гүлнәр Сыздықова, көгалдандырушы: – Егер уақтылы күтім жасалса, ағаштар тамырын жайып, жерсініп кетеді. Яғни, суару, тыңайту, бұталау, жерін қопсыту сынды жұмыстар үздіксіз жүргізілуі керек. Сонда бәрі де дұрыс болады. Көктемгі көгалдандыру жұмысына бір ай уақыт белгіленген. Қазір нағыз қарбалас шақ. Сондықтан карантиннің қатаң тәртібіне қарамастан жоспарлы жұмыс басталып кеткен.
Алтынбек Қайсағалиев, қала әкімінің орынбасары: – Ол қаланың тазалығы, қаланың жарықтандырылуы, жылу беретін, көгалдандыру, осы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ барлық санитарлық нормаларды сақтайды. Егер де ол қазір атқарылмаса, жаз мезгілінде кеш болады. Ағаштан бөлек, бас шаһарда 6 млн гүл отырғызылады. Қазір жылыжайлар гүл көшеттерін дайындап жатыр. Осылайша, қаланың 150 мың шаршы метр аумағы түрлі түсті гүлмен көмкерілмек.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)