Бас қалада мәдени шаралар онлайн-режимде өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бас қалада мәдени шаралар онлайн-режимде өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122758036243414.webp)
Карантин кезінде қазақстандықтар концерт, сұхбат, спектакль және шеберлік сыныптарын үйден шықпай-ақ тамашалай алады. Сондай-ақ челлендждер мен флешмобтарға қатысуға болады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап. Нұр-Сұлтан қаласының филармониясы Instagram желісінде онлайн концерттер өткізеді. «NS-music» жобасы аясында Рүстем Жүгінісов, Дос, Argonya, Майра Ілиясованың концерттері өтті. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, «Карантиндегі жұлдыздар» жобасын бастады. Жоба аясында «Астана Операның» жетекші солисті Майра Мұхамедқызының концерті өтті. Ал 9 сәуір күні сағат 21.00-де Mezzo тобы көрермендерін қуантады. Көрсетілімдерді «Қазақтелеком» ютуб-арнасында, @mcs_govrk және @bizbirgemiz Instagram парақшаларында, сондай-ақ onlinedabol фейсбук парақшасында тамашалауға болады. Сондай-ақ, Tengrinews.kz ақпараттық порталы «Квартирник» жобасын іске қосты. Порталдың youtube арнасында 8 сәуір күні сағат 20.00-де Алиса Вокс, 10 сәуір күні сағат 20.00-де Евгений Феклистов, ал 11 сәуір күні сағат 18.00-де Ayree өнер көрсетеді. Сонымен қатар, карантин кезінде «Астана Опера» және «Астана Балет» солисттерінің өнерін тамашалауға болады. Спектакльдер TengrinewsTV арқылы көрсетіледі. Күнделікті шығармашылық кештер @teatrkukolnursultan және @nomad_teatry Instagram парақшаларында өтеді. Күн сайын сағат 19.00-де @ns_madeniet және @askhatmaemirov Instagram парақшаларында «Онлайн-сұхбат» жобасы аясында астананың зиялы қауым өкілдері тікелей эфирге шығады. Көрермендер өз сауалдарын жолдап, жауап ала алады.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)