Астаналық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астаналық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122779047165285.webp)
General Electric (АҚШ) компаниясы шығарған өкпені жасанды желдететін 6 жаңа аппарат бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медициналық орталыққа жеткізілді. Бұл туралы Елорда Инфо МӘМС-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Айта кету керек, сатып алынған аппараттар ҚР Денсаулық сақтау министрілігмен келісілген кесте бойынша өндіруші зауыттан тікелей медициналық ұйымдарға жіберіледі. Сәуірдің екінші жартысында екінші партиясы, яғни, тағы 57 аппарат келеді деп жоспарланып отыр. Қазір сұраныс көп болғандықтан, аталған аппараттарды өндіретін әлемдік зауыттардың жұмысы да ауырлаған. Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы Қарыз туралы келісім бойынша жүзеге асырылатын "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" жобасы аясында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 700 стационарлық ӨЖЖ аппаратын сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша, коронавирус жұқтырған қазақстандықтарды емдеу үшін қажетті медициналық жабдықтардың тапшылығын шешуге болады. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, министрліктің сұрауы бойынша Дүниежүзілік банк қарыз қаражатын қайта бөлгенін және ақшаның бір бөлігін COVID-19 шалдыққан ауруларды емдеуге арналған жабдықтарды сатып алуға пайдалануға рұқсат еткенін атап өту қажет. Естеріңізге сала кетейік, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру" жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және даму банкі (Дүниежүзілік Банк) бірлесіп қаржыландырады. Оның мақсаты – медициналық қызмет көрсету жүйесінің қолжетімділігін, сапасын және экономикалық тиімділігін арттыру, денсаулыққа қатысты проблемаларды шешу үшін қаржылық қолдау көрсету.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)