«Әзірет Сұлтан» мешіті 80 отбасыға азық-түлік таратты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Әзірет Сұлтан» мешіті 80 отбасыға азық-түлік таратты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172122784332994896.webp)
«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйымдастыруымен елордадағы мұқтаж отбасыларға жәрдем көрсетілді, деп хабарлайды Елорда Инфо muftyat.kz-ке сілтеме жасап. Мешіт қызметкерлерінің ұйытқы болуымен «Gentelmen’s club» белсенділер тобы игі шараға атсалысып, 80 отбасыға азық-түлік қоры және де медициналық бетперделер таратылды. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта еліміздегі құлшылық ордалары қайырымдылық шараларын барынша күшейтіп, мұқтаж жандарға мейлінше жақын болуға тырысып келеді. Бұған дейін де ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлері бірнеше мәрте демеуші жамағаттың қолдауымен қайырымдылық шараларын өткізген болатын. ҚМДБ жұмысының негізгі бағыттарының бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне орай бұрынғыдан да баса мән беріліп отыр. Қайырымдылық шарасына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған ұжым белсене атсалысып, келушілерге жылы лебіздерімен рухани қолдау көрсетуге тырысты. Айта кетейік, қайырымдылық шарасы аясында әр келушіге салмағы 33 келі болатын, 2 тонна 640 кг-ға жуық күнделікті тұрмыс-тіршілікке қажетті азық-түлік сөмкелері таратылды.
![Астаналық зейнеткерлер оқушыларға тігіншіліктің қыр-сырын үйретті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173935565512053547.webp)
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)