Ләззат Ақтаева инфекция жұқтырған науқастың бір ауруханадан екіншісіне ауыстырылуы туралы түсіндірді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ләззат Ақтаева инфекция жұқтырған науқастың бір ауруханадан екіншісіне ауыстырылуы туралы түсіндірді
ашық дереккөз

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева КВИ жұқтырған науқастың қайда емделуі керектігі жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Егер коронавирус инфекциясы анықталып, науқастың жағдайы орташа ауыр болса, ол инфекциялық стационарда емделуі керек. Ауруханалар науқасты бір-біріне бағыттауына болмайды. Тек қана провизорлық стационардан инфекциялық стационарға ауыстыруға болады. Онда да тек талдау нәтижесі коронавирус инфекциясының анықталғанын көрсетсе ғана ауыстырылады. Ал провизорлық стационарға алғашқы белгілері бар, яғни ЖРВИ, пневманиямен түскен науқастар жатқызылады. Жалпы, бір медициналық ұйымнан екіншісіне ауыстыру екі мекеменің келісімі бойынша жүзеге асырылуы тиіс», – деді ол.