Сәуле Қисықова қыз-келіншектерге уақытша диета ұстамауға кеңес берді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сәуле Қисықова қыз-келіншектерге уақытша диета ұстамауға кеңес берді
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте жоспарлы оталардың уақытша тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жоспарлы оталар уақытша тоқтатылған болатын. Өйткені Нұр-Сұлтанға тек астаналықтар ғана емес, еліміздің әр өңірінен емделушілер келеді. Ал қаладағы екі ірі медициналық орталықта коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған қосымша бөлімшелер ашылды. Сондықтан жоспарлы оталар кейінге шегерілді. Алайда шұғыл ем-шараны қажет ететін науқастарға оталар жасалып жатыр», – деді басқарма басшысы. Сонымен қатар ол қыз-келіншектерге арықтау үшін диеталық режимді ұстамай тұра тұруға кеңес берді. «Әрине, ол әр адамның жеке ісі. Дегенмен қазіргі жағдайға байланысты күнделікті өмірдегі режимді уақытша тоқтата тұрып, эпидахуал тұрақтанғанша құнарлы тамақтарды жеген дұрыс. Себебі вирусты жұқтырмау үшін адам ағзасының иммунитеті мықты болуы керек», – деді ол. Оның айтуынша, елордада коронавирус инфекциясын екінші қайтара жұқтырғандар әзірге тіркелмеген.