Егер инфекцияға бей-жай қарасаңыз, сізді қарауға дәрігер жетпеуі мүмкін – Қисықова
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Егер инфекцияға бей-жай қарасаңыз, сізді қарауға дәрігер жетпеуі мүмкін – Қисықова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115833239713656.webp)
Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Өкінішке қарай, қалада әлі де инфекцияға сенгісі келмей, бей-жай қарайтындар бар. Алайда тиісті талапты сақтамасаңыздар, жағдай одан әрі ушыға түседі. Тіпті ауруханаларда орын мен қарайтын дәрігер жетіспеушілігі болуы мүмкін. Италиядағы жағдайды қайталамас үшін тиісті сақтық шараларын күшейту қажет. Яғни ол жақта төсек-орын жетіспей, науқастар аурухананың дәлізінде жатқызылған болатын. Отбасыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы, қауіпсіздігі сізге байланысты. Сондықтан құрметті қала тұрғындары! Сіздерге тағы да ескерте отырып, карантин тәртібін қатаң сақтауға шақырамыз. Егер талдау жұмыстары оң нәтиже көрсеткен жағдайда, бірден оқшауланып, ем-шараларын нұсқаулық бойынша жүргізу керек. Гигиеналық тазалықты сақтап, жеке ыдыс пайдалану қажет», – деді басқарма басшысы.
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)
![Қазақстандықтар «Жұмысшы мамандықтар қаласына» бара алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173924044642354032.webp)
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)